Текст
2 маусым күні Покровка ауылының ЖББОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Лингвистикалық ауысым»сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік сауаттылығын дамыту, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жетілдіру. Сабақ барысында қатысушылар түрлі тілдік тапсырмалар орындап, сөздік қорларын байытуға бағытталған ойындарға қатысты. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.
