Текст
Біздің мектепте аутизм туралы хабардарлықты арттыруға арналған айлық басталды. Залда аутизм спектрінің бұзылуы, мінез-құлық ерекшеліктері және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың маңыздылығы туралы материалдар ұсынылған ақпараттық стенд рәсімделді.
Оқушылар, педагогтар, мектеп қызметкерлері ақпаратпен танысып, әр адамға деген құрмет пен қабылдау тақырыбын талқылады. Айлықты өткізу Достық, Инклюзивті ортаны қалыптастыруға және мектеп қоғамдастығында түсіну мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
