Текст
"Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ - де медбике ФАПа Мачикаева Марет Абдулаевнаның 8-10 сынып қыздарымен жыныстық қол сұғылмаушылық тақырыбында дәрісі өтті.
Іс-шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жеке шекараларды білуге және құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Дәріс барысында қыздармен жеке қауіпсіздік, жауапкершілік және өзіне және айналасындағыларға құрметпен қарау мәселелері талқыланды.
