Текст
"Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебі” КММ кітапханасында Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай танымдық іс-шара өтті. Оқушылар жазушының шығармаларын оқып, кейіпкерлер туралы пікір алмасты және сүйікті әңгімелеріне иллюстрациялар жасады.Бұл шара балаларға жазушының шығармашылығын тереңірек танып, оның әдеби мұрасының құндылығын сезінуге мүмкіндік берді.
